Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев тіл мәселесінде арандатушылық жасағандар жауапқа тартылады деп ескертті • Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді • Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен ойнайды • Тоқаев қазақ тілі орфографиясын келесі жылдың соңына дейін ретке келтіруді тапсырды • Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент • Тоқаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X съезінде сөз сөйледі • Тоқаев тіл мәселесінде арандатушылық жасағандар жауапқа тартылады деп ескертті • Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді • Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен ойнайды • Тоқаев қазақ тілі орфографиясын келесі жылдың соңына дейін ретке келтіруді тапсырды • Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент • Тоқаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X съезінде сөз сөйледі •

    Энергетиканың қарызын халыққа жүктеп, тариф арқылы жаппақ па?

    Энергетиканың қарызын халыққа жүктеп, тариф арқылы жаппақ па?

     Елде электр энергиясының тарифі тағы өсуі мүмкін. Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов газ стансаларында жиналған қарызды жабу үшін тарифтер қаралып жатқанын айтты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Оның сөзінше, қарыздың негізгі бөлігі газ бағасының өткен жылы қымбаттауынан пайда болған. Қазір энергетикалық компаниялар тарифті өзгертуге өтінім беріп жатыр. Бұл өтінімдер қаралуда.

    Алдын ала есеп бойынша, тарифтің өсімі шамамен 4–5 пайыз болуы ықтимал. Вице-министр тариф бірден көтерілмейтінін айтты. Алдымен қоғамдық тыңдаулар өтеді. Соған қарамастан, қарызды жабу үшін тариф есебіне жүгіну жоспары ашық айтылды.

    Айта кетейік, кейбір компаниялар тек электр емес, жылу мен су қызметін де көрсетеді. Сондықтан өзгеріс бірнеше бағытқа қатар әсер етуі мүмкін. Қысқасы, энергетикадағы қарыз мәселесі шешілмей тұр. Ал оны жабудың бір жолы – тариф. Енді бұл өзгеріс халықтың қалтасына қалай әсер ететіні алдағы уақытта белгілі болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →