Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды • Қонаевта сот ғимаратының есігін сындырып, балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды • Қонаевта сот ғимаратының есігін сындырып, балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды •

    «Дұғада болыңыздар»: Блогер Қайсар Қамза ұсталғаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

    «Дұғада болыңыздар»: Блогер Қайсар Қамза ұсталғаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

    Коллаж: QazaqToday.info

    Халықаралық іздеуде болып, Вьетнамда ұсталған қазақстандық блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желідегі парақшасындаалғаш рет мәлімдеме жасады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Блогер қазіргі уақытта Вьетнамның Нячанг қаласында жүргенін, жақын арада Қазақстанға оралуды жоспарлап отырғанын айтты.

    Оның сөзінше, жергілікті иммиграциялық қызмет тек құжаттарды рәсімдеу үшін төлқұжатын уақытша алған. Ол өзін ешкімнің ұстамағанын және қамауға алынбағанын айтып, сот процестірінің жалғасып жатқанын жеткізді.

    «Барлығы жақсы болып кетсін деп тілеп, дұғада болыңыздар. Жақсы күндерде кездескенше», – деді ол бейнежазбадасында.

    Естеріңізге сала кетейік, 2,3 млн оқырманы бар блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желілерде онлайн-казиноның жарнамаларын тұрақты таратып, адамдарға құмар ойындарды насихаттаған. Оның заңсыз 100 млн теңгеден астам мөлшерде  табыс тапқаны анықталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →