Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты • Жетісу облысында 11 жастағы қызды экскаватор басып, қаза тапты • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты • Жетісу облысында 11 жастағы қызды экскаватор басып, қаза тапты •

    Алматы–Ақтөбе пойызындағы қайғылы оқиға: жолаушы көз жұмды

    Алматы–Ақтөбе пойызындағы қайғылы оқиға: жолаушы көз жұмды

    Алматы–Ақтөбе бағытындағы №33 жолаушылар пойызында ер адам кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Оқиға туралы Threads желісінде Айсара есімді жолаушы жазған. Оның айтуынша, жол үстінде ер адамның қан қысымы көтеріліп, есінен танып қалған. Жолаушылар алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, вагонда қажетті медициналық құралдардың болмағаны айтылды. Сондай-ақ жолаушылар пойыздардың жиі кешігуі де дер кезінде көмек көрсетуге кедергі болуы мүмкін екенін алға тартты.

    Оқиға кезінде полиция мен пойыз қызметкерлері араласып, жолаушыға көмек көрсеткенімен, оны құтқару мүмкін болмады. Ақтөбеге жеткен соң жедел жәрдем оның қайтыс болғанын растады.

    ҚТЖ бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 27 сәуірде 1966 жылы туған жолаушының жағдайы күрт нашарлаған. Пойыз бастығы дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Алайда келген дәрігерлер жолаушының көз жұмғанын анықтаған. Сондай-ақ ҚТЖ әр вагон белгіленген талаптарға сәйкес медициналық дәрі қобдишасымен жабдықталғанын мәлімдеді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →