Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты • Жетісу облысында 11 жастағы қызды экскаватор басып, қаза тапты • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты • Жетісу облысында 11 жастағы қызды экскаватор басып, қаза тапты •

    Коммуналдық тариф тағы қымбаттай ма?

    Коммуналдық тариф тағы қымбаттай ма?
    Фото: Видеодан алынған кадр

    Жылыту маусымы аяқталмай жатып, коммуналдық тарифтердің тағдыры тағы да талқыға түсті. Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс Үкіметтегі брифингте тариф өсімі әзірге қаралмайтынын айтты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Оның сөзінше, нақты шешім тек жылыту маусымының қорытындысы шыққан соң қабылданады. Яғни, алдымен елдегі энергия жүйесінің жұмысы толық сарапталмақ.

    Содан кейін ғана ұзақмерзімді тарифтер мәселесі күн тәртібіне қойылады. Вице-министр тарифке әсер ететін басты факторларды да атады.

    Олардың қатарында жабдықтарды жөндеу қажеттілігі мен инфрақұрылымның жағдайы бар. Бұл шығындар болашақта бағаға тікелей ықпал етуі мүмкін. Алайда әзірге нақты қымбаттау туралы айту ерте екенін жеткізді. Коммуналдық төлем қашан және қаншаға өсетіні әзірге белгісіз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →