Мобильді құрылғыларды верификациялаумен мемлекеттік компания айналыспақ

Фото: kz-imei.kz

Қазақстанға әкелінетін ұялы телефондардың IMEI-кодтарын верификациялау енді мемлекеттік компанияның құзыретіне берілуі мүмкін. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Бұл туралы Үкіметтегі брифингте жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді.  

Вице-министрдің айтуынша, бұл мәселе Үкімет деңгейінде қаралып, мемлекеттік монополияға көшу туралы шешім қабылданған.

Осыған дейін абоненттік құрылғылардың IMEI-кодтарын тексеруді жекеменшік «ATS Mediafon Kz» ЖШС жүзеге асырып келген. Импорттаушылар әрбір елге әкелінген телефон үшін 1 АЕК көлемінде төлем жасауға міндетті болған.

Айта кетейік, 2025 жылғы 24 наурыздан бастап Қазақстанда шетелден сатып алынған барлық телефондарды міндетті түрде тексеру ережесі күшіне енді. Бұл талап заңсыз импорттың алдын алу мақсатында енгізілген.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика