Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    ҰБТ қалай өзгереді: Министр жауап берді

    ҰБТ қалай өзгереді: Министр жауап берді

    Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда ҰБТ-ға (ЕНТ) балама жаңа тест енгізілетінін мәлімдеді.

    Оның айтуынша, қазір талапкерлер жылына бірнеше рет тест тапсырады: екі рет негізгі, екі рет сынақ және бір рет ақылы бөлімге түсу үшін.

    Бұл өзгеріс биыл емес, келесі жылдан бастап енгізіледі. Яғни талапкерлер дәстүрлі ҰБТ-мен бірге жаңа форматты да таңдап тапсыра алады.

    Жаңа тесттің басты артықшылығы — оны шетелдік университеттер мен олардың филиалдары да мойындайды. Тест әлемдегі ірі бағалау жүйелерін әзірлейтін ETS компаниясының әдістемесімен дайындалып жатыр.

    Министрдің сөзінше, бұл тесттің сапа стандарты мүлде өзгеше болады. Енді талапкердің тек білімі емес, оның тұлғалық қасиеттері де ескеріледі.

    Атап айтқанда, жаңа формат:
    – білім деңгейін,
    – ойлау қабілетін,
    – лидерлік қасиетін,
    – мотивациясы мен құндылықтарын бағалайды.

    Осылайша, Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу жүйесі жаңарып, талапкерлерді бағалау тәсілі кеңеймек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →