Тамаша кеш: Әлия Назарбаеваны келіні мақтады

Әлия Назарбаева ұзақ уақыттық үзілістен кейін қайтадан жұрт назарына ілігіп, келіні Аида Әлиевамен бірге өткен кездесуге қатысты, деп жазады QazaqToday.info ақпараттық порталы.
Кездесуден түсірілген фотоларды Нұрәлі Әлиевтің жұбайы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Ол кештің әсерлі өткенін атап өтіп, «Әйелдің өмір жолына арналған тамаша кеш болды» деп жазған.Айта кетейік, бұған дейін Әлия Назарбаева 2026 жылдың 15 наурызында Алматыдағы «Целинный» заманауи мәдениет орталығында өткен іс-шарада Қайрат Боранбаевпен бірге көрінген еді.

Аида Әлиева – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің ұлы Нұрәлінің жары. Ал Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Алпысқызының кенже қызы Әлия Назарбаева төрт баланың анасы екені белгілі.

Фото: ашық дереккөз

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика