Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бернли» «Кардифф Ситиге» қарсы матчқа Сатпаевсыз құрам жариялады • Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары аяқталды • Астанада әзілкеш сахнадағы балағат сөзі үшін 20 АЕК айыппұл төледі • Актриса Лидия Федосеева-Шукшина қайтыс болды • Қазақстан мен Қытай деректер экономикасы үшін цифрлық көпір салады • «Қызылжар» клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияға іздеу жарияланды • «Бернли» «Кардифф Ситиге» қарсы матчқа Сатпаевсыз құрам жариялады • Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары аяқталды • Астанада әзілкеш сахнадағы балағат сөзі үшін 20 АЕК айыппұл төледі • Актриса Лидия Федосеева-Шукшина қайтыс болды • Қазақстан мен Қытай деректер экономикасы үшін цифрлық көпір салады • «Қызылжар» клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияға іздеу жарияланды •

    Қазақ боксшысы әлем чемпионын жеңіп, Әлем кубогында топ жарды

    Бразилияда өткен бокстан Әлем кубогында алматылық Виктория Графеева әлем чемпионын жеңіп, алтын медаль алды. Қазақстан 7 жүлде иеленді.

    Қазақ боксшысы әлем чемпионын жеңіп, Әлем кубогында топ жарды
    file_874.jpg

    Бразилияда өткен бокстан Әлем кубогының бірінші кезеңінде қазақстандық спортшылар жеті медаль жеңіп алды, оның ішінде алматылық Виктория Графеева әлем чемпионын ұтып, алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    World Boxing ұйымдастырған додада 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Виктория Графеева финалда жарыс қожайыны, бразилиялық былғары қолғап шеберімен кездесті. Ол қазіргі әлем чемпионын айқын басымдықпен жеңіп, турнирдің басты сенсацияларының бірін жасады.

    Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль иеленді. Тағы бір алматылық спортшы Алуа Балқыбекова 51 келіде қола жүлдеге қол жеткізді. Ол жартылай финалда қытайлық қарсыласына 2:3 есебімен жол берді.

    Әлем кубогы кезеңдерінің келесі жарысы маусым айында Қытайда өтеді. Ал финалдық бәсекелер Өзбекстан астанасы Ташкентте ұйымдастырылады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →