Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 18 қараша 2026 $ 444,1↓€ 488,9↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакина тарихта: Қазақстан теннисшісі жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде қорытындылады • Әйелдер боксы: пайдасы, қауіпсіздігі және бастау жолдары • Андреева Рыбакинамен бірінші ракетка атағы үшін күрестен бас тартты • Қанат Құлмағамбетов Исраил Сүлейменовпен жекпе-жек өткізеді • Мәдина Сәдуақасова түнгі Шымкенттегі жаңа образын көрсетті • Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина отбасылық өмірінің қиындықтарын еске алды • Рыбакина тарихта: Қазақстан теннисшісі жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде қорытындылады • Әйелдер боксы: пайдасы, қауіпсіздігі және бастау жолдары • Андреева Рыбакинамен бірінші ракетка атағы үшін күрестен бас тартты • Қанат Құлмағамбетов Исраил Сүлейменовпен жекпе-жек өткізеді • Мәдина Сәдуақасова түнгі Шымкенттегі жаңа образын көрсетті • Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина отбасылық өмірінің қиындықтарын еске алды •

    Мемлекет басшысы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады

    Мемлекет басшысы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады

    Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Орталықта жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламалары жүргізіліп, стартап-бастамалар мен басқа да қолданбалы шешімдердің енгізілуіне жағдай жасалады.

    Іске асырылып жатқан жобалар ЖИ технологиясын мемлекеттік секторда, бизнесте және күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді.

    Жалпы, Орталық Мемлекет басшысының Қазақстанды технологиялық, заманауи және бәсекеге қабілетті елге айналдыруды көздейтін стратегиялық бағдарын орындау мақсатында құрылған.

    Президент Орталықты аралау барысында Astana Smart City жобасының іске қосылғанына куә болды.

    Бұл – интеллектуалды қала инфрақұрылымының жаңа буынын қалыптастыратын маңызды бастама.

    Presight.AI компаниясының бас директоры Томас Прамотедхам қала жүйелері мен деректерді нақты уақыт режимінде біріктіретін бірыңғай АІ-платформаны, сондай-ақ оның шаһарды басқару тиімділігін арттыру барысындағы қолдану мүмкіндіктерін таныстырды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →