Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Аустрия мен Пәкістанға Өкілетті елшілерді тағайындады • Тоқаев Бельгия королімен Ұлттық музейді аралады • «45 жасқа — 45 раушан»: Жас визажист Роза Әлқожаға ерекше ілтипат танытты • Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгерді ме: ІІМ ресми мәлімдеме жасады • «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Тоқаев Аустрия мен Пәкістанға Өкілетті елшілерді тағайындады • Тоқаев Бельгия королімен Ұлттық музейді аралады • «45 жасқа — 45 раушан»: Жас визажист Роза Әлқожаға ерекше ілтипат танытты • Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгерді ме: ІІМ ресми мәлімдеме жасады • «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын •

    «Жөнделді» деген жол қайта жұтып жатыр: Көкшетауда көлік шұңқырға кіріп кетті

    «Жөнделді» деген жол қайта жұтып жатыр: Көкшетауда көлік шұңқырға кіріп кетті

    Көкшетаудағы Боровской ықшамауданында “жөнделді” делінген жол тағы да дауға қалды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Коммуналдық қызметтер апатты жойған соң, жолды толық қалпына келтірмей, үстінен ғана тегістеп кеткен.

    Белгі алынып тасталғанымен, қауіпті жер сол күйі қалған. Соның салдарынан бұл орынға тағы бір көлік түсіп кеткені белгілі болды.

    Тұрғындар бұл мәселені бұрын да көтергенін айтады. Алайда уақытша “жөндеу” нақты шешім болмай шыққан.

    Қауіпті шұңқыр түнде мүлде көрінбейді, бұл – апатқа тікелей себеп. Жергілікті халық жауаптылардан нақты әрі сапалы жұмыс талап етіп отыр.

    Өйткені мұндай салғырттық ертең адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. “Жөнделді” деп есеп бергендер енді осы жағдайға кім жауап беретінін түсіндіруі керек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →