Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді •

    Астанада 6 жастағы бала 13-қабаттан құлап қаза тапты: полиция дабыл қақты

    Астанада 6 жастағы бала 13-қабаттан құлап қаза тапты: полиция дабыл қақты

    Астанада 6 жастағы баланың көпқабатты үйдің 13-қабатынан құлап қаза табуына байланысты полиция ата-аналарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Н. Тілендиев даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Алдын ала дерекке сәйкес, бала бөлмеде қараусыз қалып, балкон терезесі арқылы сыртқа құлаған. Оқиға кезінде ересектер ас үйде болған. Бала алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

    Қалалық полицияның дерегінше, жыл басынан бері елордада балалардың терезеден құлауына қатысты 7 дерек тіркелген, оның 2-і өліммен аяқталған.

    Құқық қорғау органдары мұндай оқиғалардың негізгі себебі ересектердің салғырттығы мен қауіпсіздік талаптарының сақталмауы екенін атап өтті. Осыған байланысты полиция ата-аналарға терезелерді ашық қалдырмауға, москит торына сенбеуге, қорғаныс құралдарын орнатуға, жиһазды терезе маңынан алыстатуға және балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес берді.

    Полиция өкілдері балалардың қауіпсіздігі ең алдымен үлкендердің жауапкершілігі екенін еске салды.

    Фото: istockphoto.com

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →