Фото: видеодан скрин
Әнші Индира Расылхан әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы күйеуі туралы жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.
Өнер иесі жазбасында араларындағы сыйластық сақталғанын атап өткен.
«Бала-шағамның әкесі Асекең. Біздің арамызда сыйластық бар. Құдаларымыздың тойына келдік. Асқар құда, Индира құдағи деген құрметке ие болып отырған жайымыз бар. Бала-шағаларымыз аман болсын! Сіздерге де баянды бақыт тілеймін!», — деп жазды ол.
Неге қайта қосылмайсыздар деген сұраққа: Жүр ғой сол үйленбей әлі. Әй, үйлен десем, тыңдамайды. Мені қимайды-ау деймін, — деп әзілдеді әнші.
