Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды •

    Астанада есірткі жарнамасына қарсы рейд өтті: жүздеген граффити боялып, “закладка” жазулары өшірілді

    Астанада есірткі жарнамасына қарсы рейд өтті: жүздеген граффити боялып, “закладка” жазулары өшірілді

    Астанада есірткіге қарсы кезекті рейд өтті. «Есіл» ауданы аумағында есірткі жарнамасын насихаттайтын граффитилерді жоюға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды. Шара Әл-Фараби даңғылы, 30/4 мекенжайында өтті.

    Акцияға «Есіл» ауданы әкімдігі, аудандық Полиция басқармасы, Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысты. Қатысушылар қаладағы қабырғалар мен қоғамдық орындарда жазылған күмәнді жазуларды анықтап, оларды бірден бояп өшірді.

    Шара «Астана – есірткісіз қала» жалпы қалалық акциясы аясында өтті. Рейд барысында подъездер, қоршаулар мен ғимарат қабырғаларындағы есірткіге қатысты сілтемелер мен QR-кодтар жаппай жойылды. Мұндай жазулар арқылы есірткі сататын жасырын арналарға бағыт берілетіні белгілі.

    Полиция өкілдерінің айтуынша, бұл жазулар – жай сурет емес, нақты қылмыстық схеманың бір бөлігі. Әсіресе жастар арасында кең таралған мұндай “жарнамалар” есірткінің қолжетімділігін арттырып отыр.

    Құқық қорғау органдары есірткі жарнамасын тарату заң бойынша қылмыс екенін тағы да ескертті. Мұндай әрекетке барғандар айыппұлмен ғана шектелмей, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Еріктілердің сөзінше, қалада мұндай граффитилердің саны азаймай тұр. Кейбір аудандарда бір қабырғада бірнеше сілтеме қатар жазылған жағдайлар анықталған. Сондықтан мұндай рейдтер алдағы уақытта да жалғасады.

    Ұйымдастырушылар тұрғындарды да белсенді болуға шақырды. Күмәнді жазуларды көрген жағдайда полицияға хабарлау – есірткіге қарсы күрестегі маңызды қадамдардың бірі.

    Сарапшылардың пікірінше, мұндай шаралар тек тазалық үшін емес, қоғамдық қауіпсіздік үшін қажет. Әрбір өшірілген жазу – заңсыз сауда арналарының бірін жабуға мүмкіндік береді.

    Айта кетейік, «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында елордада профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →