Фото: © freepik.com
Ақмола облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.
Бұл туралы өңірлік полиция департаменті мәлімдеді.
Оқиға 19 сәуір күні облыстық маңызы бар Жолымбет – Пригородное автожолында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, Chevrolet маркалы көлік жолдан шығып кетіп, аударылған.
Апат салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Тағы бір жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға түскен. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция өкілдері жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, әсіресе көлік қозғалысы тығыз учаскелерде абай болуға және көліктің техникалық жағдайын бақылауға шақырды.
