Қазақстанда қазақ тазысы мен төбеті күні ресми түрде атап өтіледі, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.
Үкімет 2026 жылғы 15 сәуірдегі қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесіне толықтырулар енгізді.
Мерекелік күндер тізбесіне жаңа күн қосылды — Қазақ тазысы мен төбеті күні – 3 қыркүйек. Қаулы 2026 жылғы 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Сондай-ақ мерекенің бекітілуі ит өсірушілерге, кинологиялық ұйымдарға және қазақы ит тұқымдарын ұнататындарға тәжірибе алмасуға, көрмелерге, жарыстарға және басқа да іс-шараларға қатысуға көбірек мүмкіндік береді.
2024 жылғы 3 қыркүйекте Амстердамда «қазақ тазысы» тұқымын алдын ала тану және Қазақстанға стандарт иесі мәртебесін бекіту туралы шешім қабылданды.
Фото: anatili.kazgazeta.kz
