Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Рыбакина Porsche үшін таласады: Штутгарттағы финалды тікелей эфирден көріңіз

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 турнирінің финалында чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.

    Рыбакина Porsche үшін таласады: Штутгарттағы финалды тікелей эфирден көріңіз
    file_855.jpg

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Штутгартта (Германия) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына шықты. Ол ақтық сында чехиялық теннисші Каролина Муховамен кездеседі. Матч Астана уақытымен 19 сәуірде сағат 16:00-де басталады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Финалға дейінгі жолда Елена Рыбакина Диана Шнайдерді (6:3, 6:4), Лейла Фернандесті (6:7, 6:4, 7:6) және Мирра Андрееваны (7:5, 6:1) жеңіп, керемет ойын өрнегін көрсетті.

    Оның қарсыласы Каролина Мухова да осал емес. Ол Александра Саснович (6:2, 6:4), Элизе Мертенс (1:6, 6:3, 6:0), Кори Гауфф (6:3, 5:7, 6:3) және Элина Свитолина (6:4, 2:6, 6:4) сияқты мықты теннисшілерден басым түсті.

    Бұл турнирдің жүлде қоры да ерекше. Жеңімпаз 500 рейтингтік ұпай, 161 мың еуро көлемінде ақшалай сыйақы және ең бастысы – жаңа Porsche Carrera 911 S спорткарына ие болады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →