Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді •

    Үміт үзілді: Ақтөбеде жоғалған 10 жасар баланың денесі өзеннен шықты

    Ақтөбе облысында бір аптадан астам уақыт бойы ізделген 10 жасар баланың денесі Елек өзенінен табылды. Іздеу жұмыстарына жүздеген адам жұмылдырылды.

    Үміт үзілді: Ақтөбеде жоғалған 10 жасар баланың денесі өзеннен шықты
    file_852.jpg

    Ақтөбе облысында наурыз айының соңында жоғалып кеткен 10 жастағы баланы іздеу жұмыстары қайғылы аяқталды. Бір аптадан астам уақытқа созылған іздеуден соң оның денесі Елек өзенінен табылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, марқұмның денесі Мәртөк ауданындағы Елек өзенінен табылған. Суға батқан баланың денесі жағадан үш метр қашықтықта, бір жарым метр тереңдікте жатқан.

    29 наурыздан бері жалғасқан іздестіру жұмыстарына ТЖМ, полиция, әскери қызметшілер, еріктілер мен жергілікті тұрғындардан құралған үлкен топ жұмылдырылған болатын. Құтқарушылар тікұшақ, дрон және эхолот сияқты заманауи техниканы, сондай-ақ кинологиялық қызметтің иісшіл иттерін пайдаланды.

    Іздеу жұмыстарына өзендегі қатты ағыс, арнаның бұралаң болуы, қалың өсімдіктер және судың лайлылығы айтарлықтай кедергі келтірген. Бұған дейін баланың суға құлап кеткені хабарланған еді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →