Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бернли» «Кардифф Ситиге» қарсы матчқа Сатпаевсыз құрам жариялады • Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары аяқталды • Астанада әзілкеш сахнадағы балағат сөзі үшін 20 АЕК айыппұл төледі • Актриса Лидия Федосеева-Шукшина қайтыс болды • Қазақстан мен Қытай деректер экономикасы үшін цифрлық көпір салады • «Қызылжар» клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияға іздеу жарияланды • «Бернли» «Кардифф Ситиге» қарсы матчқа Сатпаевсыз құрам жариялады • Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары аяқталды • Астанада әзілкеш сахнадағы балағат сөзі үшін 20 АЕК айыппұл төледі • Актриса Лидия Федосеева-Шукшина қайтыс болды • Қазақстан мен Қытай деректер экономикасы үшін цифрлық көпір салады • «Қызылжар» клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияға іздеу жарияланды •

    Штутгарттағы 3 сағаттық триллер: Рыбакина жеңілістен аман қалды

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде үш сағатқа созылған тартысты матчта Лейла Фернандесті жеңді.

    Штутгарттағы 3 сағаттық триллер: Рыбакина жеңілістен аман қалды
    file_850.jpg

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарттағы (Германия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Ол ширек финалда үш сағатқа созылған аса тартысты кездесуде канадалық Лейла Фернандестен басым түсті. Матч 6:7, 6:4, 7:6 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

    Бұл ойын Рыбакина үшін өте қиын болды. Ол екінші сетте 2:4 есебімен ұтылып жатып, керемет камбэк жасады. Ал шешуші, үшінші партияда қарсыласының екі бірдей матчболын қайтарып, ерік-жігерінің арқасында жеңісті жұлып алды.

    Енді Елена Рыбакина финалға шығу үшін ресейлік теннисші Мирра Андреевамен кездеседі. Андреева бұған дейінгі кезеңде әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швёнтекті сенсациялық түрде жарыс жолынан шығарып жіберген еді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →