Фото: Видеодан скрин
Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 32-шақырымында бес көлік бір-бірімен соқтығысып қалды, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.
Алматы облысы полициясының мәліметінше, Mitsubishi автокөлігі Toyota Carina E көлігімен соқтығысқан. Соққының әсерінен Toyota Carina E алда тұрған Volkswagen көлігіне соғылған. Тізбекті соқтығыс салдарынан кейіннен Toyota Camry мен Audi көліктері де зақымданған.
«Полиция қызметкерлері Mitsubishi жүргізушісін жол қозғалысы ережелерін бұзып, жол-көлік оқиғасына себеп болғаны үшін жауапкершілікке тартты. Алдын ала мәлімет бойынша, аталған тасжолдың 32-шақырымында Mitsubishi жүргізушісі Toyota Carina E көлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін Toyota Carina E инерциямен Volkswagen көлігіне соғылып, одан әрі Toyota Camry және Audi көліктерімен соқтығыс орын алған», – деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Жол апатына ұшыраған бес көліктің барлығы зақымдалған. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
