Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды •

    Алматыда жаңа шағын өнеркәсіптік парктер іске қосылады

    Алматыда жаңа шағын өнеркәсіптік парктер іске қосылады

    Биыл Алматының Индустриялық аймағында жалпы аумағы 22,2 мың шаршы метр болатын бес шағын өнеркәсіптік парк пайдалануға беріледі. Жобалардың жалпы инвестиция көлемі 2,33 млрд теңге. Бұл нысандарды іске асыру 20-дан астам шағын және орта бизнес субъектісі орналастырылып, 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

    Шағын өнеркәсіптік парктер жобалары қаланың өндірістік инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға және Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған. Нысандардың индустриялық аймақта орналасуы қажетті инженерлік және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етіп, өндірістік кәсіпорындардың тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасайды.

    Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы шағын өнеркәсіптік парктер жобаларын жүзеге асыруды үйлестіреді. Басқарма инвесторлармен өзара іс-қимылды ұйымдастырып, құрылыс барысын бақылайды, сондай-ақ нысандарды пайдалануға беру үдерісін бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс бизнес үшін қолайлы орта қалыптастырып, инвестициялық жобаларды жедел іске асыруға бағытталған.

    Жоба аясында келесі нысандар пайдалануға беріледі:

    1. Nur-ai market №1
    Инвестиция көлемі — 500 млн теңге
    Жұмыс орындары — 100
    Қазіргі жағдайы: құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған, инженерлік желілерді тарту және аумақты көріктендіру жұмыстары жүргізілуде.
    Бағыты — құрылыс индустриясы.

    2. «Капстройгрупп-Т»
    Инвестиция — 600 млн теңге
    Жұмыс орындары — 100
    Қазіргі жағдайы: сэндвич-панельдерді монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
    Бағыты — жиһаз өндірісі.

    3. «Промпарк»
    Инвестиция — 530 млн теңге
    Жұмыс орындары — 100
    Қазіргі жағдайы: қасбетті монтаждау және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
    Бағыты — жеңіл өнеркәсіп.

    4. «Arime»
    Инвестиция — 500 млн теңге
    Жұмыс орындары — 80
    Қазіргі жағдайы: сэндвич-панельдерді монтаждау жұмыстары жалғасуда.
    Бағыты — тамақ өнеркәсібі.

    5. «AL Gaz»
    Инвестиция — 200 млн теңге
    Жұмыс орындары — 30
    Қазіргі жағдайы: сэндвич-панельдерді монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
    Бағыты — металл өңдеу өнеркәсібі.

    Аталған жобалар Алматының индустриялық аймағын дамытудағы маңызды кезең болмақ. Олар өндірістік әлеуетті арттырып, шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қаланың экономикалық өсіміне зор үлес қосады.

    Фото: Алматы әкімдігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →