Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    Алматының коммуналдық қызметі нөсер жаңбырға байланысты күшейтілген режимге көшті

    Алматының коммуналдық қызметі нөсер жаңбырға байланысты күшейтілген режимге көшті

    Фото: Алматы әкімдігі

    Нөсер жауынға жедел әрекет ету мақсатында 2,7 мыңнан астам жұмысшы мен арнайы техника жұмылдырылды

    Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген дайындық режиміне ауыстырылды. Бұл туралы қаланың коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.

    «Алматы Тазалық» МКК және мердігер ұйымдар тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Жұмыстарға 104 арнайы техника, 74 мотопомпа және 12 ассенизаторлық көлік тартылып, оның 9-ы су басу қаупі жоғары аумақтарға орналастырылды.

    75 жедел бригада (425 жол саласы жұмысшысы) жасақталып, 2300 құм толтырылған қап әзірленді. Жалпы тәуліктік кезекшілікке 2710 жол саласы қызметкері жұмылдырылады.

    Алматы қаласының Құтқару қызметі де кезекшілікке шыққан: 15 мотопомпа мен 1 ассенизаторлық көлік тартылған. Төтенше жағдайлар департаменті 53 техника мен 240 қызметкерді жұмылдырды.

    «Қазгидромет» РМК болжамынша, 16 сәуірде күн ала бұлтты болады, сағат 16:00-ден 17 сәуір 02:00-ге дейін кей жерлерде 17 мм-ге дейін нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Күндізгі ауа температурасы +17…+19°С.

    17 сәуір күні сағат 11:00-ден күні бойы 12 мм-ге дейін жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, желдің екпіні 18 м/с дейін болмақ. Түнде сынап бағанасы +8…+10°С, күндіз +11…+13°С көрсетеді.

    Қалалық қызмет жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, қажет болса тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →