Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    25 тамыздағы ауа райы болжамы: Қазақстанның 20 қаласында ШҚО-да аю 58 жастағы ер адамға шабуыл жасады 1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген қазақстандықтарға паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді Тоқаев Путин, Жапаров, Әлиев, Мирзиёев және Рахмонға алғыс айтты «Ішім өртеніп барады»: Гүлзира Айдарбекова жылап жүрген видеосы тарады «Кешке көшеге шығуға қорқамыз»: Ақтөбе облысында ауылды жабайы аңдар торуылдап жүр 25 тамыздағы ауа райы болжамы: Қазақстанның 20 қаласында ШҚО-да аю 58 жастағы ер адамға шабуыл жасады 1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген қазақстандықтарға паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді Тоқаев Путин, Жапаров, Әлиев, Мирзиёев және Рахмонға алғыс айтты «Ішім өртеніп барады»: Гүлзира Айдарбекова жылап жүрген видеосы тарады «Кешке көшеге шығуға қорқамыз»: Ақтөбе облысында ауылды жабайы аңдар торуылдап жүр

    Алматы әкімі қала тазалығына бақылауды күшейтіп, жаңа көріктендіру бағдарламасын іске қосуды тапсырды

    Алматы әкімі қала тазалығына бақылауды күшейтіп, жаңа көріктендіру бағдарламасын іске қосуды тапсырды

    Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде қалалық ортаны жақсарту және көріктендіру мәселелері қаралды, деп жазады QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Жиын барысында аумақтарды санитарлық тазалау, қалалық инфрақұрылымды бояу және әктеу, көшелер мен қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстау, сондай-ақ жұмыстардың орындалуына бақылауды күшейту жайы талқыланды.

    «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында барлық қызметтің үйлесімді жұмыс істеуі маңызды екені айтылды. Осы мақсатта 1 сәуірден бастап қалада «Бір аудан — бір мердігер» қағидаты енгізіліп, мердігер ұйымдардың жауапкершілігі күшейтілді.

    Қалада ағаштарды санитарлық мақсатта кесу, көше жиһаздары мен аялдамаларды жаңарту, инфрақұрылымды жөндеу, сондай-ақ арық жүйесін су тасқыны кезеңіне дайындау жұмыстары жалғасуда.

    Сонымен қатар жұмыстардың орындалуын және техниканың қозғалыс бағытын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық шешімдерді енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.

    2026 жылдың мамыр айынан бастап «Қала тазалығы — ортақ жауапкершілік» (Responsible City) бағдарламасы іске қосылады. Оның мақсаты — қала тазалығын арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

    Осы жоба аясында Қоғамдық кеңес жанынан қалалық комиссия құрылады. Мамыр мен қыркүйек аралығында көшпелі тексерулер, цифрлық есепке алу және аудандар, нысандар мен бизнес субъектілерінің рейтингісін қалыптастыру арқылы мониторинг жүргізіледі.

    Бағдарлама ауланы көріктендіруді, кіреберістерді күтіп ұстауды, көшелерді бизнеске бекітіп беру, экологиялық бақылауды күшейту және тұрғындарды тартуды қамтиды. Кеңес соңында үздік аудан анықталып, нәтиже әкімдіктердің жұмысын бағалауда ескеріліп, тиімді тәжірибелерді таратуға негіз болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →