Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Хендон» футболшысы Эзекиль Уильямс 26 жасында қайтыс болды • Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • «Хендон» футболшысы Эзекиль Уильямс 26 жасында қайтыс болды • Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды •

    Түркиядағы қанды оқиға: 18 жастағы жігіт мектепте оқ жаудырды

    Түркияның Шанлыурфа провинциясындағы мектепте қайғылы оқиға болды. 18 жастағы бұрынғы оқушы атыс ұйымдастырып, 18 адамды жаралады.

    Түркиядағы қанды оқиға: 18 жастағы жігіт мектепте оқ жаудырды
    file_839.jpg

    Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа провинциясында орналасқан мектепте қарулы шабуыл болып, 18 адам жарақат алды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Оқиға куәгерлерінің айтуынша, мектептің бұрынғы оқушысы саналатын 18 жастағы жігіт білім ордасына помпалы мылтықпен баса-көктеп кірген. Ол алдымен мектеп ауласында, содан кейін ғимарат ішінде бей-берекет оқ атқан.

    Шабуыл салдарынан оқушылар, мұғалімдер және сол маңнан өтіп бара жатқан кездейсоқ адамдарды қосқанда, барлығы 18 адам түрлі дене жарақатын алған.

    Жергілікті биліктің хабарлауынша, қаскөй қылмыстан кейін өз-өзіне қол жұмсап, оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оның мұндай қадамға не үшін барғаны тергеу барысында анықталып жатыр.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →