Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бернли» «Кардифф Ситиге» қарсы матчқа Сатпаевсыз құрам жариялады • Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары аяқталды • Астанада әзілкеш сахнадағы балағат сөзі үшін 20 АЕК айыппұл төледі • Актриса Лидия Федосеева-Шукшина қайтыс болды • Қазақстан мен Қытай деректер экономикасы үшін цифрлық көпір салады • «Қызылжар» клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияға іздеу жарияланды • «Бернли» «Кардифф Ситиге» қарсы матчқа Сатпаевсыз құрам жариялады • Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары аяқталды • Астанада әзілкеш сахнадағы балағат сөзі үшін 20 АЕК айыппұл төледі • Актриса Лидия Федосеева-Шукшина қайтыс болды • Қазақстан мен Қытай деректер экономикасы үшін цифрлық көпір салады • «Қызылжар» клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияға іздеу жарияланды •

    Балконға ту ілуге рұқсат: бірақ мына талаптарды орындау керек

    Қазақстанда мемлекеттік туды балконға ілуге рұқсат беретін жаңа ережелер әзірленді. Алайда, туды орнатудың қатаң талаптары бар.

    Балконға ту ілуге рұқсат: бірақ мына талаптарды орындау керек
    file_827.jpg

    Қазақстанда мемлекеттік туды ғимараттардың балконына және жеке көліктерге ілуге рұқсат беретін жаңа ережелер әзірленді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Енді азаматтар патриоттық сезімін білдіру үшін мемлекеттік рәмізді еркін пайдалана алады. Алайда, оны орнатудың бірнеше қатаң талабы бекітілді. Бұл шаралар көгілдір туға деген құрметті қамтамасыз етуге бағытталған.

    Балконға немесе ғимарат қабырғасына ілінетін ту жер бетінен кемінде 3 метр биіктікте орналасуы тиіс. Сонымен қатар, туды терезеге немесе балконға жай жабыстыра салуға болмайды. Ол арнайы сапқа бекітіліп, 45 градус бұрышпен көлденең орнатылуы керек.

    Мемлекеттік тудың өзі ұқыпты күйде, яғни жыртылмаған, бояуы оңбаған және ұлттық стандарттарға толық сәйкес болуы шарт. Түнгі уақытта туды жарықтандыру міндеттелмейді.

    Жаңа ережеде мемлекеттік рәмізді қорлауға жол бермеу мақсатында бірнеше тыйым да қарастырылған. Атап айтқанда, ту жерге, еденге немесе суға тимеуі керек. Оны киім, төсек-орын жабдығы ретінде немесе жарнамалық мақсатта пайдалануға қатаң тыйым салынады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →