«Мөлдір үшін ауыр»: Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйеліне сезімін білдірген видеосы тарады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовтың экс-жұбайы Мөлдір Мұқановаға сезімін білдірген ескі видео тарады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Бейнежазбада танымал әзілкештің:

«Мен сені жақсы көремін, мен сені сүйемін. Бұл — қайталанбас кеш», — деп айтқаны анық естіледі.

Ал жанында отырған Мөлдірдің көзіне жас алған сәті көпшілікті толқытты.

Видеоны көрген желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр:

«Мөлдір үшін ауыр сәт», «Неге дәл қазір шықты?», «Өткенді қазбау керек», «Бұл екеуінің тарихы бөлек еді…», «Қалай ұялмай сүйемін деді екен?», — деп жазды оқырмандар.

Қалай болғанда да, бұл видео жұртты тағы да екіге бөліп, Тұрсынбек пен Мөлдірдің қарым-қатынасы қайтадан басты трендке айналды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика