Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    «Бірінші әйелі құрып кетсін дейді»: Сарапшы танымал тоқалдарды өзара салыстырды (ВИДЕО)

    «Бірінші әйелі құрып кетсін дейді»: Сарапшы танымал тоқалдарды өзара салыстырды (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Танымал кәсіпкер әрі сарапшы Айнұр Қалымбетова қоғамда қызу талқыланып жатқан екінші әйел, тоқал мәселесіне қатысты өз көзқарасын білдіріп, бұл құбылыстың астарындағы шындыққа тоқталды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Сарапшының айтуынша, өзгенің берекелі отбасын бұзу арқылы бақыт табуға ұмтылу көп жағдайда кері салдарға әкеледі. Ол бұл пікірін белгілі тұлғалардың өмірімен байланыстыра отырып түсіндірген.

    “Бүкіл ел танитын Баян Мақсатқызы мен Тұрсынбектің тоқалы Айман туралы талдап көрсек. Баян Мақсатқызы алдына мықты мақсаттар қоя білетін, жігері өте мықты әйел. Баян тынбай еңбек етіп, аяқтан тік тұрған адам. Танымалдық, атақ дегенді ол кезінде өз еңбегімен алып қойған. Бір сұхбатында “маған еркек сүйіспеншілік, махаббат үшін керек” деп ашық айтқан еді. Осылайша Баян шынайы сезім үшін адал, әділ жолмен бақытына қол жеткізді. Соған лайық өмірін де сүріп жатыр”.

    Сондай-ақ сарапшы екінші әйел болуға ұмтылатындардың психологиясына да назар аударды.

    “Ал Тұрсынбектің тоқалының Баяннан айырмашылығы, әдетте қалталы еркектердің қасында үйіріліп жүретін көбелектер болады. Ондайлар “егер осы еркекті уысыма түсірсем, атақты, танымал болам, бай болып, шалқып күн кешем. Еркектің бірінші әйелі құрып кетсін, сырғыта салам, қабырға емес” деп ойлайды”.

    Айнұр Қалымбетованың пікірінше, әр адам өмірде өз ниеті мен әрекетіне қарай нәтижесін көреді.

    “Әйтсе де, Құдайдың да өз есебі бар. Тұрсынбек тоқалына кеткенде, Мөлдірдің жұлдызы жанып, тасы өрге домалады. Ал Айман танымал болды, бірақ негатив, яғни жағымсыз жағынан танылып, төменге құлдырады. Демек, әркім өз энергиясына қарай лайықтысын алады”.

    Бұл пікір әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, қолданушылар арасында түрлі көзқарас туғызды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →