Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 1 қыркүйек 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    БАӘ-де қайтыс болған Бохановалардың денесі Астанада жерленді Ақмола облысының тұрғыны масаң күйде көлік жүргізгені үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстандықтар eGov арқылы ауруханаға түскен жақындары туралы хабарлама ала алады Көшпенділер әлем ойындары Бішкек Аренада салтанатты түрде ашылды Франкфурт әуежайында безгектен екі қызметкер қайтыс болды Лионель Месси ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді БАӘ-де қайтыс болған Бохановалардың денесі Астанада жерленді Ақмола облысының тұрғыны масаң күйде көлік жүргізгені үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстандықтар eGov арқылы ауруханаға түскен жақындары туралы хабарлама ала алады Көшпенділер әлем ойындары Бішкек Аренада салтанатты түрде ашылды Франкфурт әуежайында безгектен екі қызметкер қайтыс болды Лионель Месси ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді

    «Маған кейде қорқынышты…»: Ләйлә Сұлтанқызы өзін алаңдатқан жайтты айтты (ВИДЕО)

    «Маған кейде қорқынышты…»: Ләйлә Сұлтанқызы өзін алаңдатқан жайтты айтты (ВИДЕО)
    Фото: sultankyzy парақшасынан

    Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі қоғамдағы ақпараттың әсері мен бейбіт өмірдің маңызы туралы жазба жариялады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Ол бүгінгі заманда бір ғана сөздің немесе жазбаның үлкен аудиторияға әсер ететінін атап өтті.

    «Маған кейде қорқынышты… Бір адамның сөзі – миллион адамның жүрегіне үрей салатын заманға келдік.
    Бір пост – бүкіл әлемді дүрліктіре алады.

    Бүгін “соғыс болады”, ертең “әлем құриды” деген сөздер желдей еседі. Бірақ біз ұмытып барамыз:әлемді сөз емес, адамдардың әрекеті өзгертеді», деді ол.

    Сонымен қатар тележүргізуші ана ретінде өз тілегін де жеткізді.

    «Біз – өркениетті бейбіт әлемнің бір бөлшегіміз. Ана ретінде мен бір ғана нәрсені қалаймын, балаларымыздың санасында бейбіт әлем, сенім мен бақыт бұзылмасын», — деп түйіндеді Сұлтанқызы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →