Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    СҚО-да мұғалімдер балшық кешіп жүр

    СҚО-да мұғалімдер балшық кешіп жүр

    Фото: видеодан скрин

    Солтүстік Қазақстан облысында Архангелка ауылына баратын жолдың жағдайы тағы да жұрттың ашуын туғызды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жол жыл сайын көктемде батпаққа айналып, қатынасты қиындатады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Көліктер терең шұңқырларға батып, кейде жарты сағаттап әрең шығарылады. Тіпті бір жеңіл көлік балаларымен бірге батпаққа тығылып қалған жағдай тіркелген. Ауыр техника да бұл жолда жүре алмай, жүргізушілер шығынға батып жатыр. Ең қиыны – көрші ауылдардан қатынайтын мұғалімдердің жағдайы.

    Олар күн сайын жұмысқа лай кешіп барып, кейде мектепке үсті-басы былғанып жететінін айтады. Тұрғындар бұл мәселенің бір жылдан бері емес, жылдар бойы шешілмей келе жатқанын жеткізді.

    Бір кездері жөнделген жолдың сапасы ұзаққа шыдамай, қайтадан жарамсыз күйге түскен. Ал жергілікті билік бұл мәселеге нақты қашан нүкте қоятыны әзірге белгісіз.

    Видео: v_ritme_sko

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →