Италияда өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Михаил Шайдоров жеңісті сәтінің алдында түсіне атақты боксшы Геннадий Головкиннің кіргенін айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Мәнерлеп сырғанаушының сөзінше, кейде оның да қолынан ештеңе келмейтіндей сезінетін сәттері болады. Бірақ соған қарамастан, ол өзін үнемі алға ұмтылуға мәжбүрлейді.
Спортшы маңызды сын алдында ерекше бір жағдайдың болғанын жасырмады. Ол Головкин туралы деректі фильм немесе сұхбат көргеннен кейін, боксшыны түсінде көрген.
«Содан кейін түс көрдім. Біз онымен бір конференц-залда кездесіп жатыр екенбіз. Ол Азия ойындарында киген пальтосын киіп алыпты. Еркін бағдарламаға шығарда мен Геннадий Геннадьевичтің бейнесін көрдім… Бұл маған қатты күш берді. Оның энергетикасы, аурасы мені толықтай билеп алғандай болды. Мен үшін бұл айтып жеткізгісіз эмоция еді», — деді Шайдоров.
Фото: olympic.kz
