Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Хендон» футболшысы Эзекиль Уильямс 26 жасында қайтыс болды • Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • «Хендон» футболшысы Эзекиль Уильямс 26 жасында қайтыс болды • Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды •

    Ақтөбедегі іздестіру: 8 жасар баланы жүздеген адам күні-түні іздеп жатыр

    Ақтөбе облысында 8 жасар баланы іздеуге жүздеген адам жұмылдырылды. Тәулік бойы жүріп жатқан жұмыстарды өзеннің қатты ағысы қиындатуда.

    Ақтөбедегі іздестіру: 8 жасар баланы жүздеген адам күні-түні іздеп жатыр
    file_796.jpg

    Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 2016 жылы туған баланы іздеу жұмыстары тәулік бойы тоқтаусыз жалғасып жатыр. Негізгі іздестіру шаралары Сарыжар ауылының маңындағы Елек өзенінің бойында шоғырланған, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, сүңгуірлер, полиция қызметкерлері, әскерилер, еріктілер мен жергілікті тұрғындардан құралған үлкен топ жұмылдырылды.

    Алғашқы сағаттардан бастап үлкен аумақты жылдам тексеру үшін авиация да іске қосылды. Күн сайын ондаған шақырым аумақ мұқият тексерілуде. Мәселен, сүңгуірлер су айдынының 30-35 шақырымын, қайықпен жүрген топтар тағы 30 шақырымды, ал жаяу іздеушілер жағалау сызығының 20 шақырымын қарап шығады. Сондай-ақ аумақты бақылауға дрондар мен эхолоттар да қолданылып жатыр.

    Іздеу жұмыстарын өзеннің қатты ағысы, ирелеңдеген арнасы, жағалаудағы қалың өсімдіктер мен судың лайлы болып, көру мүмкіндігінің нашарлауы айтарлықтай қиындатып отыр. Соған қарамастан, құтқарушылар баланы табу үшін барлық күш-жігерін салып, жұмысты бір сәтке де тоқтатқан жоқ.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →