Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты

    Қоқысқа көмілген ауыл: ШҚО-да халық таза ауа емес, сасық иіспен өмір сүріп отыр

    Қоқысқа көмілген ауыл: ШҚО-да халық таза ауа емес, сасық иіспен өмір сүріп отыр
    Фото: видеодан скриншот

    Шығыс Қазақстан облысындағы Қасым Қайсенов кентінде тұрғындар қоқыс ортасында өмір сүріп жатыр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Үш қабатты үйдің дәл жанында жылдар бойы жиналған заңсыз қоқыс үйіндісі тау болып үйілген.

    Ең сорақысы – бұл жерде мүлде қоқыс контейнерлері жоқ. Сол себепті халық амалсыз қалдықты өздері тұратын жерге төгуге мәжбүр.

    Бұл жерде балалар ойнайды, адамдар күнде осы ауамен тыныс алады. Тұрғындар бұл мәселе бірнеше жылдан бері шешілмей келе жатқанын айтады. Яғни проблема жаңа емес, бірақ нақты әрекет әлі жоқ.

    Жергілікті билік қарапайым жағдай – контейнер қойып, қоқыс шығаруды да реттей алмай отыр.

    Ал халықтың талабы қарапайым: таза орта мен қауіпсіз өмір. Егер мәселе тағы ескерусіз қалса, бұл жағдай ертең үлкен экологиялық қауіпке айналуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →