Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа премьер-министрімен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-министрімен Шанхайда кездесті «Қиын жағдай»: Белгілі әншінің денсаулығы көпті алаңдатты Мемлекет басшысы: Дүниежүзілік ЖИ адамзаттың өсіп-өркендеуі мен қауіпсіздігінің жаңа тетігі Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа премьер-министрімен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-министрімен Шанхайда кездесті «Қиын жағдай»: Белгілі әншінің денсаулығы көпті алаңдатты Мемлекет басшысы: Дүниежүзілік ЖИ адамзаттың өсіп-өркендеуі мен қауіпсіздігінің жаңа тетігі Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес

    Сағындық Тоғамбай қытайлық қарсыласын нокдаунға жіберіп, жартылай финалға шықты

    Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатында қытайлық қарсыласын нокдаунға жіберіп, жартылай финалға шықты.

    Сағындық Тоғамбай қытайлық қарсыласын нокдаунға жіберіп, жартылай финалға шықты
    file_789.jpg

    Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалдық кездесуде отандасымыз қытайлық Сюэжэнь Ханмен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған жекпе-жек қазақстандық спортшының айқын басымдығымен аяқталды. Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Сағындыққа берді.

    Айқастың шешуші соңғы раундында Тоғамбай қарсыласын нокдаунға жіберіп, өз басымдығын одан сайын нығайта түсті. Осылайша, Сағындықтың жеңісі Қазақстан құрамасына турнирдегі оныншы медальді кепілдендірді.

    Бұған дейін Сабыржан Аққалықов пен Әйгерім Саттыбаева да жартылай финалға өткен болатын. Енді алғашқы жартылай финалдық кездесулер 6 сәуірде өтеді.

    Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалған

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →