Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді: эпицентрі Ауғанстанда болған

Қазақстанның оңтүстігінде жер дүмпуі сезілді, оның эпицентрі Ауғанстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмологиялық бақылау желісі жерасты дүмпулерін 3 сәуірде Астана уақытымен сағат 21:13-те тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым жерде анықталды. Ведомствоның хабарлауынша, өңір тұрғындарына ешқандай қауіп жоқ.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика