Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты

Трамп Иранға ескерту жасады: «Бұл тек бастамасы, келісімге келіңдер»

Иран Сақшылар корпусы АҚШ пен Израильді "инженерия жауһары" саналатын көпірге соққы жасады деп айыптады. Трамп бұған қуанып, "бұл тек бастамасы" деді.

Трамп Иранға ескерту жасады: «Бұл тек бастамасы, келісімге келіңдер»
file_766.jpg

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ пен Израильді Тегеран мен Карадж қалаларын жалғайтын маңызды көпірге соққы жасады деп айыптады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Сақшылар корпусының баспасөз қызметі зақымданған нысанды «Иран инженериясының жауһары» және «Ислам Республикасының мақтанышы» деп сипаттады. Шабуылдан бірнеше адамның зардап шеккені де хабарланды.

Бұл оқиғаға АҚШ президенті Дональд Трамп та үн қатып, Ирандағы ең ірі көпірдің қиратылғанына қуаныш білдірді. Ол Тегеранға тағы да соққылар жасалатынын меңзеп, Truth Social әлеуметтік желісінде жазба жариялады.

«Ирандағы ең үлкен көпір қирады және енді ешқашан пайдаланылмайды — бұл тек бастамасы! Иран кеш болмай тұрғанда келісімге келуі керек, өйткені бір кездері ұлы ел бола алатын мемлекеттің енді ештеңесі қалмады», — деп жазды ол.

Иранның бұл шабуылға жауабы да кідірмеді. Fars агенттігі Кувейт, Сауд Арабиясы, Абу-Даби және Иорданиядағы көпірлер енді Иран қарулы күштері үшін «заңды нысанаға» айналғанын мәлімдеді. Агенттіктің хабарлауынша, қираған В1 көпірі – «Таяу Шығыстағы ең биік көпір» болған.

В1 көпірінің биіктігі шамамен 156 метрді құрайды. Ол Карадж өзенінің аңғары арқылы өтіп, Тегеранды Каспий теңізімен байланыстыратын негізгі таулы тасжолдың бір бөлігі саналады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →