Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін 25 тамыздағы ауа райы болжамы: Қазақстанның 20 қаласында ШҚО-да аю 58 жастағы ер адамға шабуыл жасады 1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген қазақстандықтарға паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді Тоқаев Путин, Жапаров, Әлиев, Мирзиёев және Рахмонға алғыс айтты «Ішім өртеніп барады»: Гүлзира Айдарбекова жылап жүрген видеосы тарады Қазақстанда тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін 25 тамыздағы ауа райы болжамы: Қазақстанның 20 қаласында ШҚО-да аю 58 жастағы ер адамға шабуыл жасады 1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген қазақстандықтарға паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді Тоқаев Путин, Жапаров, Әлиев, Мирзиёев және Рахмонға алғыс айтты «Ішім өртеніп барады»: Гүлзира Айдарбекова жылап жүрген видеосы тарады

    Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

    Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

    2026 жылы қыркүйекте Алматыда Германия, Қытай, Қазақстан және Орталық Азия елдерінен келген суретшілердің басын қосатын «Бес элемент: энергия трансформациясы» атты халықаралық көркем көрме өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері айтты.

    Көрме Германияның Brú – Kunst und Kultur Austausch und Förderung Global Arts & Culture Organization e.V. қауымдастығының бастамасымен жүзеге асырылады, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Жоба бұған дейін Берлин мен Стамбұлда өткен халықаралық көрмелер сериясының жалғасы саналады.

    Көрмені ұйымдастыру Almaty Tourism Bureau мен Brú ұйымы арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум негізінде қолға алынған. Құжат бірлескен арт-жобаларды жүзеге асыруға және алматылық суретшілерді халықаралық деңгейде танытуға бағытталған.

    Көрменің негізгі идеясы «жасыл» энергетика тақырыбын бес элемент — металл, ағаш, су, от және жер философиясымен үйлестіруге негізделген. Экспозицияда инсталляциялар, мүсіндер, кескіндеме туындылары мен фотосуреттер, соның ішінде қайта өңделген индустриялық материалдардан жасалған жұмыстар ұсынылады.

    Жоба халықаралық мәдени диалогты күшейтіп, Алматының креативті индустриялар мен мәдени туризм орталығы ретіндегі мәртебесін одан әрі арттыра түседі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →