Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс мұнай бағасын 11 пайызға өсірді Конгода Эболадан көз жұмғандар саны 700-ден асты Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды «Абыройымды төккің келеді»: танымал әзілкеш Мейрамбек Бесбаевтың қорқақ екенін жайып салды (ВИДЕО) Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс мұнай бағасын 11 пайызға өсірді Конгода Эболадан көз жұмғандар саны 700-ден асты Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды «Абыройымды төккің келеді»: танымал әзілкеш Мейрамбек Бесбаевтың қорқақ екенін жайып салды (ВИДЕО)

Павлодар жолдары азапқа айналды: әкімдік пен “ҚазАвтоЖол” жауапкершіліктен қашып отыр ма?

Павлодар жолдары азапқа айналды: әкімдік пен “ҚазАвтоЖол” жауапкершіліктен қашып отыр ма?

Павлодардан Көшер бағытындағы жолдың жағдайы жүргізушілердің ашуын туғызды. Әлеуметтік желіде тараған видеода трассаның ой-шұқыры көп, жүруге қауіпті екені анық көрінеді. Автордың айтуынша, бұл учаске қар ерігеннен кейін де сол күйі жөнделмеген. Жүргізушілер “көліктің жүріс бөлігі түгел соғылып жатыр” деп шағымдануда. Тіпті кейбірі бұл жолмен жүру жүйкеге салмақ түсіретінін ашық айтып отыр. Бірнеше шақырым бойы түсірілмеген бөлігі одан да нашар екені айтылған. Жол сапасына жауапты мекемелер бұл жағдайға әзірге нақты түсініктеме бермеді. Павлодар облысының әкімдігі мен “ҚазАвтоЖолдың” әрекетсіздігі қоғамда сұрақ туғызуда. Қарапайым халыққа айыппұл жылдам келеді, ал жолдың сапасы неге бақылаусыз қалды деген наразылық күшейіп жатыр. Жүргізушілер жолды қашан жөндейді деп нақты жауап күтуде.

Видео: Instagram / sayat_tashimov

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →