Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жетеуі іздестіріліп жатыр: Министрлік Маңғыстаудағы жайтқа қатысты мәлімдеме жасады Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты Каспийде 17 әскери қызметші теңізге кетіп қалды деген ақпарат тарады Президент: Соңғы 7 жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 29 пайызға артты Астанада әйелді бұрынғы күйеуі пышақтап кетті (ВИДЕО) Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент Жетеуі іздестіріліп жатыр: Министрлік Маңғыстаудағы жайтқа қатысты мәлімдеме жасады Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты Каспийде 17 әскери қызметші теңізге кетіп қалды деген ақпарат тарады Президент: Соңғы 7 жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 29 пайызға артты Астанада әйелді бұрынғы күйеуі пышақтап кетті (ВИДЕО) Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент

    Көкшетауда тұрғындардың шыдамы таусылды: қоқыс алаңы қашан тазаланады?

    Көкшетауда тұрғындардың шыдамы таусылды: қоқыс алаңы қашан тазаланады?

    Көкшетау қаласында тұрғындар қоқыс мәселесіне байланысты дабыл қағып отыр. Қосшығұлов көшесіндегі жеке үйлердің маңында қоқыс контейнерлері уақытында тазаланбай, айналасы бейберекет үйіндіге айналған.

    Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қоқыс желмен жан-жаққа ұшып, аула маңы толықтай ластанып жатыр.

    Кейбірі қоқысты өз күшімізбен жинауға мәжбүрміз дейді, бірақ бұл мәселе тұрақты түрде қайталана береді.

    Тұрғындар қоқыс қаншалықты жиі шығарылатынын және неге контейнерлер үнемі толып тұратынын сұрап отыр.

    Сонымен қатар, адамдардың өздері де қоқысты жәшікке жеткізбей тастайтыны жағдайды ушықтырып отырғаны айтылады.

    Алайда негізгі жауапкершілік коммуналдық қызметтің жұмысына қатысты деген пікір көп. Қалада тазалыққа жауапты мекемелер бұл жағдайға түсініктеме бермеді.

    Тұрғындар мәселе шешілмесе, жағдай одан әрі қиындайды деп алаңдайды.

    Видео: sinegor.kz.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →