Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Сабах» Покатиловты Чемпиондар лигасының матчына негізгі құрамға қосты • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр: финалға 19 спортшы шықты • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Сабах» Покатиловты Чемпиондар лигасының матчына негізгі құрамға қосты • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр: финалға 19 спортшы шықты •

    Тоқаев: «Таза Қазақстан» тек көше емес, ниет тазалығын білдіреді

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тазару күніне» орай үндеу жасап, «Таза Қазақстан» жобасының мәнін түсіндірді. Ол халықты ниет тазалығына шақырды.

    Тоқаев: «Таза Қазақстан» тек көше емес, ниет тазалығын білдіреді
    file_706.jpg

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тазару күніне» орай қазақстандықтарға үндеу жолдап, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының жаңа кезеңі басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шара Наурызнама онкүндігінде ерекше орын алады және қоғамның жаңғыруы мен табиғаттың жаңаруын үндестіреді. Осыған орай, еліміздің барлық аймағында ауқымды экологиялық акциялар қолға алынды.

    Жоба аясында «Мөлдір бұлақ» бастамасы іске қосылып, бұлақ көздерін ашу, жағалауларды тазарту, ағаш егу жұмыстары жалғасын табады.

    Президент «Таза Қазақстан» ұғымының терең мағынасына тоқталды.

    ««Таза Қазақстан» идеологиялық тұжырымдамасының түпкі мәні көшелерді, аулаларды және айналамызды таза ұстаудан ғана емес, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бастайтын ниет пен пейілдің тазалығынан көрініс табады», — деді Тоқаев.

    Сондай-ақ, ол азаматтардың табиғатқа қамқорлықпен қарауы ұлттық дүниетанымның басты қағидаттарының бірі екенін атап өтті. Оның сөзінше, ынтымақ, жауапкершілік және жасампаз отаншылдық сияқты құндылықтар қоғамның негізгі тірегі болуы тиіс.

    Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл халықты тазалық пен тәртіп эстафетасына белсене қатысуға шақырды.

    «Бәріміз күш біріктірсек, елімізді биік белестерге жетелеп, Әділетті, Таза, Өркендеген Қазақстанды құра аламыз», — деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →