Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық ғалымдар зерттеу жүргізуге бөлінетін қаржыны күтіп отыр • Алматыда ауызсудан қауіпті бактерия табылды: тұрғындар алаңдаулы • Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты • Қаржылық мониторинг агенттігі Лория Григорий Отаровичке мемлекетаралық іздеу жариялады • Атырау қаласы әкімінің орынбасары жылы орнын суытты • «Ортада кемcітушілік пен аяушылық көп»: мүмкіндігі шектеулі жандардың жан сыры • Қазақстандық ғалымдар зерттеу жүргізуге бөлінетін қаржыны күтіп отыр • Алматыда ауызсудан қауіпті бактерия табылды: тұрғындар алаңдаулы • Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты • Қаржылық мониторинг агенттігі Лория Григорий Отаровичке мемлекетаралық іздеу жариялады • Атырау қаласы әкімінің орынбасары жылы орнын суытты • «Ортада кемcітушілік пен аяушылық көп»: мүмкіндігі шектеулі жандардың жан сыры •

    Әл-Фарабидегі сұмдық апат: Zeekr қарсы бетке шығып, 3 адам мерт болды

    Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында Zeekr көлігі қарсы жолаққа шығып, Mercedes-пен соқтығысты. Апат салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды.

    Әл-Фарабидегі сұмдық апат: Zeekr қарсы бетке шығып, 3 адам мерт болды
    file_695.jpg

    Алматыда қарсы жолаққа шығып кеткен көліктің кесірінен болған жол апаты үш адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қайғылы оқиға 21 наурыз күні таңғы сағат 03:30 шамасында Әл-Фараби даңғылының Меңдіқұлов көшесімен қиылысында болған.

    Полицияның мәліметінше, Zeekr маркалы көлігінің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, кенеттен қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Сол сәтте ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан Mercedes көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

    Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Zeekr көлігін тізгіндеген азамат түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

    Үш адамның өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →