Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Чемпиондар лигасы: «Барселона» қарсыласын ірі есеппен ұтты

    Чемпиондар лигасы: «Барселона» қарсыласын ірі есеппен ұтты

    Фото: УЕФА

    UEFA Чемпиондар лигасы ¼ финалына шыққан барлық команда анықталды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Екінші ойын күнінде Испанияның «Барселона» клубы өз алаңында Англияның «Ньюкасл Юнайтедін» қабылдады. Бірінші ойын 1:1 есебімен тең аяқталған еді. Сондықтан бұл кездесуде испаниялық клуб жеңіске жетуі тиіс болатын. Ойын барысында олардың қатарынан Рафинья 6, 72, Роберт Левандовски 56, 61, Марк Берналь 18, Ламин Ямаль 45-минутта гол соқса, оған англиялық клубтан Энтони Эланга 15, 28-минуттарда екі голмен жауап қайырды.

    18 наурыз

    «Бавария» (Германия) — «Аталанта» (Италия) 4:1 (6:1)

    «Тоттенхэм Хотспур» (Англия) — «Атлетико Мадрид» (Испания) 3:2 (2:5)

    «Ливерпуль» (Англия) — «Галатасарай» (Түркия) 4:0 (0:1)

    «Барселона» (Испания) — «Ньюкасл» (Англия) 7:2 (1:1).

    Сондай-ақ жарыстың аталған сатысында тағы төрт ойын өткізілген еді.

    17 наурыз

    «Челси» (Англия) — «Пари Сен-Жермен» (Франция) 0:3 (бірінші ойын 2:5)

    «Манчестер Сити» (Англия) — «Реал Мадрид» (Испания) 1:2 (0:3)

    «Спортинг Лиссабон» (Португалия) — «Будё-Глимт» (Норвегия) 5:0 (0:3)

    «Арсенал» (Англия) — «Байер Леверкузен» (Германия) 2:0(1:1).

    Енді ширек финал ойындары 7-8 сәуір күндері болады. Алдымен 7 сәуірде «Спортинг Лиссабон» мен «Арсенал», «Реал Мадрид» пен «Бавария», 8 сәуірде «Пари Сен-Жермен» мен «Ливерпуль», «Барселона» мен «Атлетико Мадрид» кездеседі.

    Енді 1/8 финалдың қарымта ойындары 10-11 сәуірде болса, жартылай финал 28-29 сәуір және 5-6 мамырда өтеді. Финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →