Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    «Жарылыс сияқты тарады»: Британияда екі қыз менингиттен көз жұмды

    Ұлыбританияда жастар арасында қауіпті менингит індеті өршіді. Түнгі клубқа барғаннан кейін екі қыз көз жұмып, 20 адам ауру жұқтырды.

    «Жарылыс сияқты тарады»: Британияда екі қыз менингиттен көз жұмды
    file_679.jpg

    Ұлыбританияда жастар арасында өлімге әкелетін менингит індетінің тез таралуына байланысты шұғыл ескерту жарияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    BBC мәліметінше, Ұлыбританияның денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігі (UKHSA) Кент графтығында қауіпті дерттің өршігенін растады. Аурудың таралуы наурыз айының басында Кентерберидегі Club Chemistry түнгі клубына барған жастардан басталған деген болжам бар. Салдарынан университетте оқитын 21 жастағы студент пен жоғары сынып оқушысы қайтыс болды. Жалпы ауру жұқтырғаны расталған және күдікке ілінген адамдар саны 20-ға жетті.

    UKHSA атқарушы директоры Сьюзан Хопкинстің айтуынша, қазір ведомство инфекцияның Кентербериде не себепті жылдам жайылғанын анықтап жатыр.

    «Індеттің бұлайша жарылыс сияқты таралуы бұрын-соңды болмаған жағдай», — деді денсаулық сақтау саласының басшылары.

    Осыған байланысты Кент университетінде студенттерді шұғыл вакциналау басталды. Елдегі жалпы практика дәрігерлеріне 5-7 наурыз аралығында аталған түнгі клубқа барғандарға және Кент университетінің студенттеріне антибиотиктер жазып беру туралы нұсқау берілді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →