Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Астанадағы сот: екі блогерді полиция күшімен жеткізуге бұйрық берілді

    Астанада өтіп жатқан блогерлер Жанабылов пен Төлегенованың ісінде жаңа дау шықты. Сотқа келмеген куәгерлерді полиция күшімен әкелу туралы шешім қабылданды.

    Астанадағы сот: екі блогерді полиция күшімен жеткізуге бұйрық берілді
    file_676.jpg

    Астанада сот процесі өтіп жатқан блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың ісінде жаңа жағдай тіркелді. Сот осы іс бойынша куәгер ретінде шақырылған танымал блогерлер Дархан Жолшыбеков пен Нұрбек Нұртазаны мәжбүрлеп жеткізу туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Дархан Жолшыбеков пен Нұрбек Нұртаза сот отырысына куәгер ретінде қатысуы тиіс болған. Алайда екеуі де денсаулығына байланысты Алматыдан Астанаға келе алмайтынын айтып, сотқа онлайн қатысуға рұқсат сұраған.

    Іс бойынша мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев куәгерлерді сотқа мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығаруды сұрады. Бұл өтінішті қорғаушы тарап та қолдады. Судья Әділбек Баймаханов тараптардың уәжін негізге алып, екі блогерді сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу туралы шешім қабылдады.

    Бұл шешімді орындау Астана қаласының прокуратурасына жүктелді. Сот өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 157-бабына сәйкес, куәгер дәлелсіз себептермен сот отырысына келмеген жағдайда, оны мәжбүрлеп жеткізу шарасы қолданылатынын еске салды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →