Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Олимпиада жеңімпазы Елдос Сметовке тағы да ота жасалды

    Олимпиада жеңімпазы Елдос Сметовке тағы да ота жасалды

     Фото: instagram.com/b1rinshibol

    Мұндай жайсыз хабарды спортшының досы әрі командаласы Ғұсман Қырғызбаев айтып отыр. Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов бірнеше күн бұрын Тараз қаласында ота жасатқан. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Бізге белгілісі, Елдос Сметовтің денесіне жара шыққан. Оны ота жасау арқылы алып тастау қажеттігі туындапты.

    – Елдос Сметовтің жағдайын әлеуметтік желіден көрдім. Жақында ол Тараз қаласында шағын ота жасатты. Кеше ғана хабарласып, жағдайын сұрадым. Ауыр жарақат емес. Денесіне бір жара шыққан екен, соны кесіп алып тастаған. Қазір Елдостың жағдайы жақсы, – деп қоса кетті Ғұсман Қырғызбаев.

    Сонымен қатар, ол Елдос Сметовтің қашан татамиге қайта оралатынына болжам жасады.

    – Елдос Сметовтің татамиге оралуын жанкүйерлер асыға күтіп жүр. Қазір ол денсаулығын қалпына келтіріп, бабына келумен айналысып жатыр. Елдос осы жылдың жаз айларынан бастап жарыстарға қатысуы мүмкін. Бірақ нақты қай жарыс екенін білмеймін, – деді Ғұсман Қырғызбаев.
    Еске салайық, Елдос Сметов 2024 жылғы Париж Олимпиадасынан бері шамамен екі жылға жуық уақыт бойы жарыстарға қатыспады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →