Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді • Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевті жылатып қойды (ВИДЕО) • Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды • Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді • Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевті жылатып қойды (ВИДЕО) • Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды • Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді •

    «Қайрат» — «Ақтөбе» матчы: Алматыда қауіпсіздік шарасы күшейтілді

    «Қайрат» — «Ақтөбе» матчы: Алматыда қауіпсіздік шарасы күшейтілді

    Фото: Zakon.kz

    Қала полициясы аталған ойынға байланысты стадион аумағы мен оған іргелес аймақтарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосымша шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Қалалық полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдиновтың айтуынша, спорттық іс-шара барысында қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда болады.

    – Матч өтетін күні стадион мен оған іргелес аумақта қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіледі. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосымша полиция күштері жұмылдырылады. Сонымен қатар матч өтетін аумақ толықтай тұрақты бақылауда болады, – деді Айдын Кабдулдинов.

    Сондай-ақ ол жанкүйерлерді стадиондағы тәртіп ережелерін сақтауға шақырды. Қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген әрекетке жедел тосқауыл қойылатынын ескертті.

    – Агрессия, арандату, балағат сөздер, қорлау, бұзақылық әрекеттер, сондай-ақ тыйым салынған заттарды пайдалану – мүлде жол берілмейтін әрекеттер. Мұндай жағдайларда полиция тарапынан жедел шаралар қабылданады. Құқық бұзушылар анықталып, әрбір дерекке құқықтық баға беріледі, – деді полиция бастығы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →