Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін 25 тамыздағы ауа райы болжамы: Қазақстанның 20 қаласында ШҚО-да аю 58 жастағы ер адамға шабуыл жасады 1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген қазақстандықтарға паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді Тоқаев Путин, Жапаров, Әлиев, Мирзиёев және Рахмонға алғыс айтты «Ішім өртеніп барады»: Гүлзира Айдарбекова жылап жүрген видеосы тарады Қазақстанда тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін 25 тамыздағы ауа райы болжамы: Қазақстанның 20 қаласында ШҚО-да аю 58 жастағы ер адамға шабуыл жасады 1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген қазақстандықтарға паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді Тоқаев Путин, Жапаров, Әлиев, Мирзиёев және Рахмонға алғыс айтты «Ішім өртеніп барады»: Гүлзира Айдарбекова жылап жүрген видеосы тарады

    Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде «Әжелер хоры» ән айтып, шашу шашты

    Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде «Әжелер хоры» ән айтып, шашу шашты

    Бүгін таңертең алматылықтар қаланың Қазақстанның мәдени астанасы екендігін тағы бір мәрте көрсетті, деп жазады QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Референдум күні Наурызбай ауданына қарасты Шұғыла шағынауданындағы №562 сайлау учаскесінде тұрғындарды ерекше әрі жылы атмосфера қарсы алды.

    №200 мектеп ғимаратында орналасқан учаскеде сайлаушыларды ұлттық нақыштағы киім киген «Әжелер хоры» қарсы алды. Әнші әжелер алғашқы минуттан-ақ мерекелік көңіл күй сыйлап, халық әндерін орындады. Сонымен қатар келген тұрғындарды қуаныш пен берекенің, ақ тілектің белгісі саналатын дәстүрлі шашу рәсімімен қарсы алды.

    Шашылған тәтті-дәмдер мен жиналған жұрттың шат күлкісі айналаны ерекше мерекелік көңіл күйге бөледі. Шағынаудан тұрғындарының көпшілігі дауыс беру күнінің осындай жылы әрі әсерлі басталарын күтпегенін айтты. Көпшілік хор мүшелерімен бірге суретке түсіп, мерекелік көңіл күй сыйлағандары үшін алғыс білдірді. Олардың айтуынша, мұндай бастамалар маңызды қоғамдық шараларды халыққа жақындатып, шынайы мерекелік атмосфера қалыптастырады.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының бай дәстүрлерін насихаттау. Осындай маңызды мемлекеттік оқиға – референдум күні алматылықтар ұлттық құндылықтарды қадірлей отырып, қонақжайлық дәстүрін де айқын көрсетті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →