Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Мультфильмдегі басты кейіпкермін»: Баян Мақсатқызы арманы орындалғанын айтты • Қызылордада балалар ойын алаңының құрылысы аяқсыз қалған: тұрғындар мердігерге наразы • Әлеуметтік көмек қысқармайды: мұқтаж отбасыларға қолдау толық сақталады • Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды • «Мультфильмдегі басты кейіпкермін»: Баян Мақсатқызы арманы орындалғанын айтты • Қызылордада балалар ойын алаңының құрылысы аяқсыз қалған: тұрғындар мердігерге наразы • Әлеуметтік көмек қысқармайды: мұқтаж отбасыларға қолдау толық сақталады • Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды •

    101 жастағы Алматы тұрғыны референдумда дауыс берді

    101 жастағы Алматы тұрғыны референдумда дауыс берді

    Алматының Наурызбай ауданында республикалық референдумға ғасыр жасаған тұрғын – Кәмилә Қосумаева қатысты. Биыл ол 101 жасқа толады, QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Жасына қарамастан, Кәмилә апа шөбересімен бірге сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге қатысты.

    Кәмилә Қосумаева Ұлы Отан соғысы жылдары ел игілігі үшін тер төккен буынның өкілі. Оның айтуынша, ол ел үшін маңызды оқиғалардың ешқайсысынан қалмауға тырысады.

    «Мен әрдайым дауыс беруге келуге тырысамын. Әр адам қатысып, таңдау жасау керек деп есептеймін», — деді ол.

    Учаскеде ғасыр жасаған әженің келуі көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Тұрғындар мен комиссия мүшелері оның үлгісі аға буынның елге деген құрметі мен жауапкершілігін көрсететінін атап өтті.

    Фото: Алматы қаласының әкімдігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →