Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жігер Ауыпбаев ажырасқаннан кейінгі жар іздеу сапары туралы айтты 18 жастағы американдық актриса Кейли Хоттл көлік апатынан қайтыс болды Алматылық зейнеткер телефон алаяқтарының кесірінен 53 жылдық пәтерінен айырылды Мұхамеджан Тазабек ағасының 70 жылдығына арнап жылы лебіз білдірді Иран ИИРКК АҚШ базасы мен Amazon деректер орталығына соққы жасады Болгария Иран қарсылығына қарамастан АҚШ ұшақ-жанармайқұйғыштарын орналастыруға рұқсат берді Жігер Ауыпбаев ажырасқаннан кейінгі жар іздеу сапары туралы айтты 18 жастағы американдық актриса Кейли Хоттл көлік апатынан қайтыс болды Алматылық зейнеткер телефон алаяқтарының кесірінен 53 жылдық пәтерінен айырылды Мұхамеджан Тазабек ағасының 70 жылдығына арнап жылы лебіз білдірді Иран ИИРКК АҚШ базасы мен Amazon деректер орталығына соққы жасады Болгария Иран қарсылығына қарамастан АҚШ ұшақ-жанармайқұйғыштарын орналастыруға рұқсат берді

    Ақтөбеде 500 отбасы 8 жылдан бері сусыз отыр: әкімдік жаңа ауданға су жеткізе алмай отырғанын мойындады

    Ақтөбеде 500 отбасы 8 жылдан бері сусыз отыр: әкімдік жаңа ауданға су жеткізе алмай отырғанын мойындады

    Фото: видеодан скрин

    Ақтөбе қаласындағы «Тұран» тұрғын алабының тұрғындары сегіз жылдан бері орталықтандырылған ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Жер телімдері шамамен сегіз жыл бұрын берілгеніне қарамастан, бүгінге дейін 500-ден астам отбасы ауыз суды тасып ішуге немесе сүзгі арқылы пайдалануға мәжбүр. Тұрғындардың айтуынша, бүкіл ауданға бір ғана су алатын колонка орнатылған, алайда одан алынатын су ішуге жарамсыз.

    Қала әкімдігі бұл мәселені жасырмайды. Шенеуніктердің сөзінше, қаладағы қолда бар су қоры жаңа тұрғын алаптарын толық қосуға жеткіліксіз.

    Ал тұрғындарды ең алаңдататыны – жылдар бойы шешілмей келе жатқан қарапайым мәселе. Жер берілген, үйлер салынған, бірақ тіршілікке ең қажет – таза ауыз су әлі жоқ.

    Бұл жағдайға Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет пен облыс әкімі Асхат Шахаров жауапты екені айтылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →