Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зейнеп Оразхан екі допинг бұзушылығы үшін үш жылға дисквалификацияланды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды • Мбаппе Зиданның шешіміне наразы: Франция құрамасында шиеленіс • Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі • Кремльде ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды • Қостанай тұрғыны балалар алаңында жасөспірімді сабаған • Зейнеп Оразхан екі допинг бұзушылығы үшін үш жылға дисквалификацияланды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды • Мбаппе Зиданның шешіміне наразы: Франция құрамасында шиеленіс • Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі • Кремльде ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды • Қостанай тұрғыны балалар алаңында жасөспірімді сабаған •

    Щучинсктегі жарылыс: Қаза тапқандардың саны артты

    Щучинсктегі жарылыс: Қаза тапқандардың саны артты

    Фото: видеодан скрин

    26 ақпанда Щучинск қаласындағы кафеде болған жарылыс пен өрт салдарынан қаза тапқандар саны сегіз адамға жетті – бүгін «Авиценна Бурабай» ауруханасында науқастардың бірі көз жұмды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Қазіргі уақытта барлық зардап шеккендер медициналық мекемелерде ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың төртеуі Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында ем алуда. Үшеуінің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда.

    Бір науқастың денесінің 85 пайызы күйіп қалған, оның жағдайы өте ауыр.

    Науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Күн сайын штаттан тыс бас мамандардың қатысуымен консилиумдар өткізіледі. Мамандар эфференттік терапия әдістерін қолдануда. Күн сайын Астанадағы Жедел медициналық көмек орталығына есеп беріліп отырады, – деп хабарлады облыстық аурухана дәрігерлері.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →