Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады •

    Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығыста еш тарапты қолдамайды – СІМ

    Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығыста еш тарапты қолдамайды – СІМ
    Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
    Сыртқы істер министрінің орынбасары Алибек Бақаев 2026 жылғы 3 наурызда үкіметтегі брифингте Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығысқа араласпайтынын және ешбір тарапты қолдамайтынын айтты. 

    Журналистер әлеуметтік желілердегі пікірталастарға байланысты Қазақстанның ұстанымын түсіндіріп беруді сұрады. Онда кейбір қолданушылар елдің қазіргі қақтығыс жағдайында Таяу Шығыс мемлекеттерін Иранға қарағанда көбірек қолдайтынын айтады деген пікір білдірген.

    «Шындығында, олай емес – Қазақстан үшінші мемлекеттердің істеріне араласпау саясатын ұстанды, ұстануда және одан әрі де ұстанатын болады. Сондықтан біз еш тарапты қолдамаймыз:  Иранның да, шабуылға ұшыраған мемлекеттердің де. Біз тек қана әскери қақтығыстар болмауын қалаймыз. Егер қақтығыс туындаса, оны дипломатиялық жолмен шешуді қолдаймыз. Біз халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысына сәйкес қақтығыстар осылай шешілуі керек деген ұстанымдамыз. Бұл барлығы халықаралық құжаттарда нақты жазылған», – деп жауап берді Бақаев.

    Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстанның бұл ұстанымы өзгермейтінін ерекше атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →