Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зейнеп Оразхан екі допинг бұзушылығы үшін үш жылға дисквалификацияланды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды • Мбаппе Зиданның шешіміне наразы: Франция құрамасында шиеленіс • Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі • Кремльде ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды • Қостанай тұрғыны балалар алаңында жасөспірімді сабаған • Зейнеп Оразхан екі допинг бұзушылығы үшін үш жылға дисквалификацияланды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды • Мбаппе Зиданның шешіміне наразы: Франция құрамасында шиеленіс • Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі • Кремльде ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды • Қостанай тұрғыны балалар алаңында жасөспірімді сабаған •

    Ақтөбе тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзі асылып қалған

    Ақтөбе тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзі асылып қалған
    Фото: Pixabay

    Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында өткен жылдың қарашасында Ақтөбе қаласында болған адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылғы 20 қарашада ер адам автокөлік тізгінінде отырып, жұбайымен бірге Богослов тасжолы бойымен келе жатқан. Жол үстінде олардың арасында жанжал туындаған.

    Сотта анықталғандай, ер адам көлікті тоқтатып, асүй пышағын алып, артқы орындыққа әйелінің жанына отырған. Ол жұбайын етпетінен жатқызып, сол аяғымен арқасынан басып тұрып, мойын тұсына бірнеше рет пышақ сұққан. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмған.

    Осыдан кейін ер адам жолай арқан сатып алып, өндірістік цех аумағына барған. Сол жерде жабдықтың үстіне шығып, асылып қалған. Ерлі-зайыптылардың артында бес баласы қалды.

    Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша тіркелген. Алайда айыпталушының қайтыс болуына байланысты оның адвокаты істі тоқтату туралы өтініш білдірген. Прокурор бұл өтінішті қолдаған.

    Сот ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабына сәйкес (күдіктінің қайтыс болуына байланысты) қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы шығарды.

    Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →